Специализированный портал для профессиональных участников рынка бытовых услуг

3 желтоқсанда WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының ресми ашылу салтанаты өткізілмек

3 желтоқсанда WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының ресми ашылу салтанаты өткізілмек

2018 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингінің» ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының ресми ашылу салтанаты  өткізілмек.

Фото с мероприятия WorldSkills TaldykorganФото взято из источника: taldykorgan-online.kz

Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің жыл сайынғы дəстүрлі Жолдауларында техникалық жəне кəсіптік білім жүйесін барынша дамыту керектігіне мəн беріп келеді. Бұл бағытта бірнеше Ұлттық жоспарлар мен аталмыш  іс-шаралар жүзеге асырылуда.


2014 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Халықаралық WorldSkills Қауымдастығының 70-мүшесі болды. Осы бағытта ҚР Білім және ғылым Министрлігі мен «Кәсіпқор» Холдингі» жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру үшін 2015 жылдан бастап WorldSkills Қазақстан Ұлттық чемпионатын ұйымдастырып келеді.

Осыған орай ағымдағы жылдың 3-7 желтоқсан аралығында кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына жұмылдыру және кəсіби техникалық білімді дамытуға бағытталған WorldSkills Kazakhstan IV Республикалық Ұлттық чемпионаты өткізіледі.

Еліміздің әр аймағынан келген 350-ге жуық үміткерді 30 мамандық бойынша 400-ден аса сарапшы бағалайтын болады. Атап айтсақ, «Кірпіш қалау», Сылау және декоративтік жұмыстар», «Кондитер ісі», «Электроника», «Қонақ үй әкімшілігі», «Токарлық жұмыс сандық бағдарламалық басқармалары станоктарында», «Веб-дизайн және әзірлеу», «Графикалық дизайн», «Дизельді қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу», «Желілік және жүйелік басқару», «Ауылшаруашылық көліктерін және тракторларын жөндеуші-слесарь», «Мехатроника», «Электромонтаждық жұмыстар», «Визуалды мерчандайзинг және витринистика», «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету», «Сантехника және жылыту», «Мейрамхана сервисі», «Инженерлік графика CAD (автоматтандырылған жобалау жүйесі)», «Шанақ жөндеу», «Мобильді робототехника», «Шаштараз өнері», «Сән технологиясы», «Дақылдар мен өнімдердің сапасын анықтау», «Дәнекерлеу технологиясы», «Тақтатаспен қаптау», «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «Аспаз ісі», «Наубайхана ісі», «Суыту және желдеткіш техникаларына қызмет көрсету», «Бизнес үшін ІТ шешімі».

WorldSkills Astana 2018

Жас мамандардың кәсіби шеберлігіне қолдау көрсетуге колледж бен ЖОО студенттері және мектеп оқушылары, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі, ҚР мемлекеттік хатшысы, ҚР Парламент Сенаты және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорындардың өкілдері, жұмыс беруші компаниялар қатысады деп күтілуде.

Осындай жобалар орта буындағы кәсіби мамандардың, білімгерлердің санасында  жаңа тың идеяларды тудыратыны ақиқат.

Мерзімі: 2018 жылдың 3 желтоқсаны
Уақыты: сағ. 12.00
Өткізу орны: «Көрме» орталығы, Достық, 3 («Нұржол» бульвары)

Қосымша мәліметтерді www.kasipkor.kz сайтында жарияланған ақпараттан, сондай-ақ, +7 (7172) 79-45-36, 79-45-40 +7 701 208 18 11 телефондары арқылы
Рысбетова Назымға хабарласып, алуға болады.
E-mail:
naz.kaz@mail.ru

0 67

Оставить комментарий

Комментарии (0)

Еще статьи по теме

Перейти к списку статей